Экономика • 04 Қыркүйек, 2020

Әлемде астық бағасы қымбаттайды

809 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәнді дақылдар халықаралық нарықта да қымбаттайды. 2021 жылдың соңында әлемдегі дақылдар қоры 895 млн тоннаға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде астық бағасы қымбаттайды

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы осылай болжайды. Сәтті жиын-терімнің нәтижесінде жаһандық сатылым 442 млн тоннаға жетуі керек.

Соған қарамастан тамыздағы баға екі процентке өскен. Былтырғымен салыстырсақ, жеті проценттік өсім бар. Әсіресе жемдік астықтың бағасы аспандайды.

1

БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының жорамалдауынша, биыл әлемдік астық өндірісі рекордты көрсеткішке жетеді. Былтырғыдан 58 миллион тоннаға артық өнім жиналады.