Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2020

Түркістанда Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылуда

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығы Түркістанда қала әкімінің қадағалауымен жылу қазандығын сұйық отын түріне өткізу жұмыстары жүргізілуде. Күні кеше "Жылу" мекемесіне барған халықтық топ мүшелері көпқабатты үйлердің жылу маусымына дайындығы бойынша ақпарат алды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылуда

Мекеме басшысы Ерғазы Рысбеков кестеге сай жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына тартылған 22 жұмысшының 14-і жергілікті тұрғындар екенін айтып өтті. Олар "Халықты жұмыспен қамту орталығы" арқылы жұмысқа алынған. Сондай-ақ көпшілікке газ түріндегі қазандық істен шығып қалса, тұрғындарға жылу қалай жеткізілетіндігі жөнінде де түсінік берілді. Мекеме ол үшін көмір алып қойған және техникалық қолайсыздық болған тұста, әдеттегіше жылу берілмек. Бүгінде Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылып, монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жарамдығына сай 50 жыл пайдаланылады деп күтілген қазандықтар "Отырар" мөлтек ауданында, орталық мешіт жанынан да орнатылуда.

Айта кетелік, бұған дейін бір маусымға 75 көпқабатты үй, 28 бюджеттік және 55 коммерциялық мекеме, 56 жеке үйді жылыту үшін 16000 тонна көмір жағылып, 123 адам қызмет еткен.