Мәселен "Известия" мен РБК аурудың таралуы жастар арасында азаймай тұрғаны алаңдатқан соң осындай шаралар қабылданып жатқанын, Италияда тіпті даладағы ашық алаңдарда билеуге тиым салынғанын, Мальтада 15 адамнан артық еш жерге жиналуға болмайтынын жазса, ДДҰ деректерінде 15 пен 24 жас аралығындағы жастар арасында аурудың 4,5 пайыздан 15 пайызға дейін өскені мысалға келтірілген.
Еуропалықтардың сүйікті демалатын курортты елі Мальтада барлық түнгі клубтар, барлар толық жабылған.
Ал Түркияға жер-жерден туристер жиятын Антальядағы демалыс орындарында көңілді "көбікті кештер" биыл өтпей жатыр. Германия дискотекаларды пандемия басталғалы тиып, жылда күзде Кельнде 3 ай бойына жүретін дәстүрлікарнавалды да тоқтатты.
Шілде айында ДДҰ-ның аймақтық директоры Ханс Клюгенің Еуропа жастарын ауру таратушылар деп айыптағаны да есте болар.