Атап айтқанда, Шымкент қаласы маңындағы 48 шақырымдық Оңтүстік-Батыс, Түркістан қаласы жанындағы 30 шақырымдық Шығыс, сондай-ақ, Сарыағаш қаласы тұсындағы 102 шақырымдық айналма жол
"Оңтүстік өңіріндегі А-15 жолының бойында 700 мыңға жуық халық тұрады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, орталық мемлекеттік атқарушы орган өкілдерін арнайы көшпелі кеңеске шақырдық. Мақсат – тұрғындарға сапалы, қауіпсіз жолды жедел уақытта жөндеп, пайдалануға беру. Жиын қорытындысы бойынша біз орталық атқарушы органдармен, "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясымен, мердігерлермен жол картасын әзірледік. Карта негізінде А-15 автожолын жөндеу жұмыстары қазан айының соңында толық аяқталады. Сарыағаш-Келес жолын кеңейту жұмыстары алдағы жылы басталмақ", - деді жол құрылысындағы жобалармен көшпелі кеңес аясында танысқан облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Бұдан өзге, Түркістан облысындағы М-32 "Самара-Шымкент" трассасының 11 шақырымы, А-15 "Жизақ-Жетісай-Жібек жолы" трассасының 77 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүреді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимовтің айтуынша, қазіргі таңда өңірде 1500 шақырымнан астам жол жөнделуде. Жыл соңына дейін 1200 шақырымы пайдалануға беріледі.
Түркістан облысы