Әлем • 06 Қыркүйек, 2020

Бразилияда өршіген індет бой берер емес

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразиялия жұрты бір тәулікте 682 азаматын жоғалтты, деп жазады REGNUM осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

Бразилияда өршіген індет бой берер емес

126  203 адам. Бұл қайтыс болған бразилиялықтар саны. 4 123 000 адам SARS-CoV-2 жұқтырып, індеттен көз аша алмай жатқан елде кеше жаңадан тағы да 30 168 бразилиялықтан ауру анықталыпты.

Жалпы COVID-19 Бразилия үшін өте ауыр соққы болуда. Әлем бойынша КВИ-мен ең ұзақ 152 күн ауырған әйелдің де осы елдің азаматы екені белгілі.