31 Қазан, 2013

Нақты тапсырмалар берілді

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованы қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

С.Қайырбекова Мемлекет басшысына еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың жай-күйі мен басымдықтары, сондай-ақ, министрліктің өткен жылдағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы баян­дады.

Нұрсұлтан Назарбаев ана мен бала өлімін әлі азайту, сондай-ақ, халық­тың денсаулық деңгейін арттыру мен қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту жөнінде жүйелі шаралар қабыл­дау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижелері туралы әңгімеледі. Мысалы, 2013 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша, 2012 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, ана өлімі 24%-ға, бала өлімі 17%-ға, қан тамыры жүйесі ауруынан болатын өлім 6%-ға, қатерлі жаңа пайда болған аурулар 4%-ға, туберкулез ауруы 23,6 %-ға төмендеген.

Кездесу қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев ұлт денсаулығын нығайтуға және бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған бірнеше нақты тапсырма берді.

Суреттерді түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.