Баяғыда қазақ: «Бай болған бақырып бола ма?» деуші еді. Бүгінде «бақырған» деген жайына қалды, бұл кездің байшікештері қарауындағылармен сөзге келсе, бірден атып тастайтын болды.
Дәл осындай оқиға күні кеше ғана Қарағанды облысының Шет ауданындағы ауылдардың бірінде орын алды.

Шамасы, осы елді мекендегі шаруа қожалығының басшысы өзін орта ғасырлардағы қаптаған плантациялардың бірінің қожайыны сезініп кетсе керек, сөзге келіп, жанжалдасып қалған қарауындағы жұмысшысын қоластындағылардың көз алдында атты да тастады.
«29 қазан күні кешке Шет ауданындағы қыстақтардың бірінде шаруа қожалығының 34 жастағы басшысы өзінің жұмысшысымен сөзге келіп қалып, оны басқалардың көзінше атып салды. Алған жарақаттардан 38 жастағы ер адам бірнеше сағаттан кейін көз жұмды», – делінген екен осыған байланысты облыстық Ішкі істер департаментінен таратылған баспасөз парақшасында.
Қожалық басшысы құдды бір жанжалдың соңы кісі өліміне апарып соғатынын білгендей соның алдында үйінен 16 калибрлі мылтығын ала шығыпты. Онысы және өзінің атына тіркелген болып шықты.
«Ұсталған ер адамның куәгерлер жеткілікті болғаннан кейін, өз кінәсін мойындаудан басқа шарасы қалмады. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – дегенді жеткізді облыстық департаменттің баспасөз қызметіндегілер.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.