Пікір • 07 Қыркүйек, 2020

Бәсеке бизнесті өсіреді

84 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекет кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау арқылы көмектесіп отыр. Жеке компанияларды кешенді қолдау және оны шектеуші факторлардың болмауы – ерекше маңызды. Қаржыландырудың жанама әдістері өзгерістерге оңай бейімделуге мүмкіндік береді және жеке секторды субсидиялаудың икемді құралы.

Бәсеке бизнесті өсіреді

Осы орайда Президентке тікелей бағынатын бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құру нарықта әділ бәсекелестікті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Аралық операторлар процестердің бюрократиялануын күшейтеді және экономиканы мемлекет иелігінен шығаруға кедергі келтіреді. Жеке кәсіпкерлік нарық үшін әділ күресте салаларды дамыту бойынша жаңа тиімді идеяларды қалыптастыруға ықпал етеді. Стратегиялық нысандарды қоспағанда, экономика нарықтық жағдайда жемісті жұмыс істейді.   

Мемлекет басшысы жариялаған маңызды реформалардың бірі – халыққа кәсіпкерлік дағдыларын үйрету. Оқушылар мен студенттерге практикалық білім беру жақын және алыс болашақта кәсіпкерлер санының артуына, жеке сектордың кеңеюіне ықпал етеді. Бұл бастама фирмалар санының өсуі, әділ бәсекелестікті қалыптастыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін пайдалы. 

Қазіргі жағдайда ұзақ мерзімді басымдықтар туралы ұмытпау керек. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шең­берінде Үкіметке «жасыл» экономиканы дамыту шаралары ұсынылды. Қоршаған ортаны қорғау ұлттық деңгейде қолдауды талап етеді.  Ал тиісті шараларды қабылдауға саяси ерік-жігер керек. Мемлекет басшысының Жолдауында терең декарбонизация, яғни экономикадағы көмірсутегі бөлуді азайту қажеттігі айтылды. Бизнес пен академияны тарту осы мәселені терең және ке­шенді зерделеуге, сондай-ақ түрлі та­раптардың мүдделерін ескере отырып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті іс-шараларды әзірлеуге ықпал етеді.

 

Айткүл ОМАРОВА,

Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша дербес сарапшы