31 Қазан, 2013

Құлсары вокзалы қирап тұр

53 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Атыраудағы бірден-бір ша­ғын қала – Құлсары. Ол Үкі­мет­тің шағын қалаларды дамыту бағдарламасына еніп отыр. Со­ған орай Құлсарыны кешенді да­мыту жоспары жасақталып, іске асырыла бастады. Бұл құл­сарылық тұрғындар көңіліне серпіліс туғызғаны рас. Алайда, Құлсары қаласын кешенді дамыту жоспарын жасақтау кезінде ескерілмеген бір мәселе бар.

Атыраудағы бірден-бір ша­ғын қала – Құлсары. Ол Үкі­мет­тің шағын қалаларды дамыту бағдарламасына еніп отыр. Со­ған орай Құлсарыны кешенді да­мыту жоспары жасақталып, іске асырыла бастады. Бұл құл­сарылық тұрғындар көңіліне серпіліс туғызғаны рас. Алайда, Құлсары қаласын кешенді дамыту жоспарын жасақтау кезінде ескерілмеген бір мәселе бар.

Ол – теміржол вокзалын және маңын­да орналасқан шағын аудандар­дағы тұрғын үйлерді заман талабына сай жаңғырту. Қазіргі таңда теміржол ­вокза­­лы­на­ таяу «Вокзал маңы» және ­«СМП-615» шағын ауданда­рында 4500 тұрғын бар. Осы маңдағы №13 орта мектепте 952 оқушы білім алуда. Шағын аудандардағы екі қа­бат­ты 19 тұрғын үйге жеке жы­лу қазандықтары орнаты­лып­ты. Аталған тұрғын үйлер 1950 жылдың басында бой көтергеннен бері ешқандай күр­­делі жөндеу жұмыстары жүр­гізілмепті. Дәл қазір жарты ғасыр бұрын салынған осы үйлердің сыртқы сылақтары үгітіле түсіп, қала көркін кетіріп тұр.

Біздің бүгінгі айтпағымыз әрине, тек бұл емес. Ең негізгі мәселе Құлсары қаласындағы теміржол вокзалының ахуалы туралы сөз етпекпіз. Өйткені, қай қала болса да оның бас­ты қақпасының бірі – теміржол вокзалы. Алайда, 1960 жылы пай­далануға берілген 50 ор­ын­­дық теміржол вокза­лын Құл­­­сары қаласының лайықты қақ­пасы дей алмаймыз. Мұны Құл­сары қаласының әкімі Шәкір Кейкин де, Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасов та қуат­тайды. Бірнеше жыл бұрын «ЯикТрейдинг» ЖШС-нің сенім­герлігіне берілген вокзал­дың сыртқы келбеті ешқандай сын көтермейді. «Жыл сайынғы жүр­гізілуге тиісті ағымдық жөндеу жұмыстары аталған мекеме та­рапынан жүргізілген емес. Ме­кеме басшысы қала, аудан бас­­­­шыларының шақыртуларына түрліше дәлелдер айтып, кел­мейді. Өзінің орнына қолын­да ешқандай дерегі жоқ, мате­ри­алдық мәселелерді шешуге құзыры жоқ менеджерін жі­береді. Вокзал маңындағы жал­пыға арнап пайдалана­тын дәретханаға 2007 жыл­дан бермен қарай терең тазалау жұмыстары жүргізілмеген. Анти­санитариялық жағдайда, түрлі инфекциялық ауру таралуы мүмкін. Объектіні жалға алу келісімшартында ғимаратқа күтіп-ұстау жұмыстарын жүр­гі­зуді «ЯикТрейдинг» ЖШС мін­детіне алған», дейді Құлсары қала­сының әкімі Шәкір Кейкин.

Вокзал перронындағы қор­шаулар да жөндеуді қажет етіп отыр. Өйткені, қоршау баған­дарының көріктіргіші үгіті­ліп, жолаушы өміріне қауіп туғы­затынына ұсақ-түйек мәселе деп қарамау керек. Әсі­ресе, түнгі мезгілде вокзал маңы жа­рықпен толықтай қамтыл­ма­ған. Мұның бәрін неге жіпке тіз­гендей айтып отырмыз? Се­бебі, Құлсары қаласы арқылы Өз­бекстан мен Тәжікстан елде­рінің Ресейге бағыт алған жолаушы пойыздары өтеді. Алматы мен Астанадан, Ақтөбе мен Аты­рау­дан Маңғыстауға қатынайтын жолаушылар пойыздары және бар. Өз еліміздің жо­лаушылары Құлсарыдағы теміржол вокзалының көңілге кірбің тү­сі­рер кейпіне, тарлы­ғына түсі­ніс­тікпен қарар, ал көршілес елдердің жолаушылары не ­­ой­лар еді?

Сөз арасында айта кете­йік, Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын теміржол бойында Қарабатан деген шағын елді мекен бар. Мұнда тұрғындар саны аз, бірақ теміржол вокзалы көздің жауын алардай жұтынып тұр. Қарабатанда­ғы вокзалға «Аджип ҚКО» ком­па­ниясының қаржысымен күрделі жөндеу жасалып, дәл қа­зір мұнайлы өңірдегі ең әсем вок­залдардың біріне айналды. Әрине, Қарабатанға әдемі вокзалды қызғанбаймыз. Дегенмен, өзіміз көріп жүргендей, жолау­шылар пойызымен Қарабатан елді мекеніне түсетін де, одан пойызға мінетін де жолаушы жоққа тән. Тіпті, Қарабатанға тоқтайтын жолаушы пойы­зы өте аз. Ал Құлсарының Қа­ра­батаннан артықшылығы көп. Алдымен, Құлсары қазақ мұнайының алғашқы тамшысы алынған Жылыой ауданының орталығы болса, екіншіден, дәл бүгін 54 мың тұрғыны бар шағын қала деген мәртебесін иеленген үлкен шаһар.

Үшіншіден, Құлсары қала­сына еліміздің төрт қала­сы­нан майлы түбек атанған Маң­ғыстауға, сонымен бірге, Өз­бекстан мен Тәжікстаннан Ресей­мен байланыстыратын халықаралық 6 пойызды қоса есептесек, кем дегенде 10 жолаушы пойызы тоқтайды екен. Басқаша айтқанда, Құлсары арқылы өтетін жолаушылар пойызының бәрі де мұнда аялдайды. Соған орай пойызға мініп-түсіп жататын жолаушылар тасқыны әсте үзілген емес. Демек, Құлсары қаласындағы 50 орындық теміржол вокзалы жолаушылар үшін тарлық етіп тұрғанын алдымен, «Қазақстан темір жолы» АҚ басшылары ескеруі қажет-ақ.

Алайда, әзірге Құлсарыдағы теміржол вокзалының жолау­шылар тасқынына лайықты емесі тек Жылыой ауданының басшылығын да алаңдатып отыр. Аудан әкімі Мақсым Ізбасов тиісті орындарға «Вокзалдың тарлығы Құлсары қаласының халқы мен келушілеріне сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермей отыр. Мәселені шешу үшін соңғы үлгідегі демалыс, сервистік қызмет көрсе­ту бөлмелерімен толық жаб­дық­талған 400 орындық вокзал ғимараты қажет» деп, қатынас хат жолдағанмен мәселе жу­ық арада оң шешімін табады деу қиын. Мұның басты се­бебі Құл­сарыдағы теміржол вок­за­лының «Қазақстан темір жо­лы» АҚ балансында еместігіне тіреле береді. Бұл туралы газет тілшісіне Атырау тасымалдау бөлімшесінің директоры, Жылыой ауданынан облыстық мәслихаттың депутаттығына сайланған Бөріхан Беркімбаев айтып берді. Депутат демекші, Атырау облыстық мәслихатында Құлсары қаласы орталығы болып саналатын Жылыой ауданынан төрт депутат сайланған. Бәрі де осал емес, басшылық қызмет атқарып жүргендер, тіпті облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов та осы аудан сайлаушыларының аманатын арқалап отыр.

Қорыта айтқанда, қазір шүкір, еліміздің экономикалық қуаты артты. Халықтың талғамы басқаша, жасампаздыққа ұм­ты­лып, өзге елдің алдында қа­зақтың абыройы аспандап тұр­ғанын қалайды. Демек, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Құлсарыдағы теміржол вокзалын жаңғырту кезек күттірмейтін елдік мәселе екенін Үкіметтің, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы мен облыс басшылығының назарына салуды жөн көрдік. Бұл мәселеге облыстық мәс­лихаттың, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары көңіл аударғанын қалар едік. Әсіресе, Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов пен Мәжіліс депутаты Асхат Беке­нов Құлсары вокзалының бүгінгі талапқа сай еместігімен кеңірек танысса дейміз. Олай дейтініміз, осы екі азаматтың кезінде Жылыой ауданының әкімі қызметін абыройлы атқар­ғанын білеміз. Сондықтан Құл­сары қаласына жаңа теміржол вокзалының қажеттігі қай тараптан да ескерусіз қалмайды деп сенгіміз келеді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы,

Жылыой ауданы.