Індетпен ғана емес, өзге де қажет еткен адамдарға көмек деген оймен Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ГМ-172/10 мекемесі жеке құрам қызметкерлері қан тапсырды. Мекемеде бұл үрдіс дәстүрге айналған.
Қан тапсырған қызметкерлердің ішінде сирек кездесетін қан тобының (4 +) иесі де бар.
– Біздің қанымыз өзгенің қажетіне жарап, өмірін құтқаруға көмектессе, ол біз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан қан тапсырудан бас тартпаймыз және мұны біз жыл сайын тұрақты қайталанатын үрдіс ретінде қалыптастырдық, – дейді мекеме қызметкері А.Әбдіраш.