Президент • 07 Қыркүйек, 2020

Мемлекет басшысы Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

176 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттің биылғы Қазақстан халқына арнаған "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Жолдауын жүзеге асыру, атап айтқанда, төтенше жағдай комитетін Ішкі істер министрлігінің құрамынан бөлу жұмыстары жайында баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, бүгінде арнайы комиссия құрылып, алдағы уақытта Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің құрамында қызмет ететін 25 мыңға жуық адамның тізімі нақтыланып, қажетті техникалар мен құрал-жабдықтар бөлініп жатыр. Бұл жұмыстардың барлығы бір айдың ішінде аяқталады.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев "полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидаты бойынша реформалау жұмысының барысы туралы айтты. Министр аталған қағидат бойынша жергілікті полиция қызметкерлері материалдық тұрғыдан толық жабдықталып, олардың республиканың барлық аумағында халықпен тығыз жұмыс істеуіне оңтайлы жағдай жасалатынын жеткізді. Осы мақсатта учаскелік полиция қызметкерлерінің мәртебесі заңмен бекітіліп, олар автокөлікпен, фото-видео бақылау құрылғыларымен, электронды планшеттермен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек кездесуде Ішкі істер министрлігінің жұмысын цифрландыру мәселесі де қозғалды. Қазірдің өзінде министрлік жұмысының 83% электронды форматқа көшкен. Жыл соңына дейін бұл межені 91% жеткізу көзделіп отыр.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Тұрғымбаевқа қолға алған реформаларды нәтижелі іске асыру керек екенін айтып, министрліктің алдына нақты міндеттер қойды.

Соңғы жаңалықтар

Алыстан жеткен алғыс

Аймақтар • Кеше

Тазалық бірдің емес, мыңның ісі

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қала күні онлайн форматта аталып өтеді

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Байтұрсынов атындағы байқау өтті

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Облыс әкімі Сырдария ауданына болды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Үш тілдің үздіктері анықталды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Халықаралық семинар-кеңес өтті

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020

Таразда тұңғыш рет күрделі ота жасалды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда темекі қымбаттайды

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Кепілге алған көлігін қайтармаған

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Ұқсас жаңалықтар