Кеше Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвеймен кездесуі болды.
А.Дауылбаев Д.Ордвейді қайта тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық салада сәттілік тіледі және дипломаттың Қазақстанда, ТМД-ның өзге де елдеріндегі жұмысы барысында жинаған тәжірибесі екіжақты қарым-қатынастың одан әрі жандануына әсер ететіндігін атап өтті.

Тараптар өзара қол жеткізілген әрекеттесудің деңгейіне қанағаттанушылық білдірді, ынтымақтастық туралы бұрын қол қойылған келісімдер болашағын талқылады. Сонымен қатар, трансұлттық қылмысқа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес саласындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды. Бас прокурор прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары мен құқық қорғаушылық қызметі туралы хабардар етті, адам құқығын қорғау прокурорлардың ерекше назарында екендігін атап өтті. Сұхбаттасушылар өзара әрекеттесу аясын болашақта кеңейтуге және нығайтуға мүдделі екендіктерін растады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.