Аталған жайт Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Оториноларинголог Гүлнар Жүнісованың айтуынша, 27 тамыз күні ол бір жасар сәбиге ота жасаған. Дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды.
Бұдан өзге, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.