Коронавирус • 08 Қыркүйек, 2020

Франция антиденені тез анықтайтын тест енгізбекші

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран 8 қыркүйекте осы аптадан бастап COVID-19 қарсы антиденені жылдам анықтайтын тест енгізілетінін жариялады деп хабарлайды Egemen.kz Le Figaro сайтына сілтеме жасап.

Франция антиденені тез анықтайтын тест енгізбекші

"Тест бар болғаны 15-20 минут аралығында антидене түзілген түзілмегенін анықтап береді, ал ол осы сәрсенбіден жүргізіле бастайды", деген Оливье Веран әзірге эксперимент түрінде қолға алынған тәжірибеге үлкен үміт артылып отырғанын, нәтижесіне қарай оны ары қарай жалпылама енгізу жөнінде шешім қабылданатынын айтқан.

Пандемияның  қай елге де оңай соқпай тұрғаны мәлім. Одан француздар да зардап шегіп отыр. Елдің Ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер жөніндегі институтының болжамдарына қарағанда 2020 жылдың аяғында француздардың жұмыссыздық көрсеткіші 9,5 пайызға жоғарылауы мүмкін.

Аурумен күресте қандай бір қарекеттердің оң нәтижесіне үміт артып, жедел тест енгізуді көздеген Франция үкіметі экономиканы қалыпқа келтіруде шығыс мөлшері 100 млрд еуро көлемін құрайтын бағдарлама да әзірлеген көрінеді.