COVID-19 экономикаға тұсау салғанымен қоса, оны артқа тартып отыр деген сарапшылар Қытай мен АҚШ арасындағы тайталастың да ел қуатын арттыруға кедергі жасағанына тоқталған.
Биыл жеке сектордағы тұтыну 4,6 пайызға төмендеп, алайда өндірістік қуаттылықты арттыруға салған инвестиция 4,2 пайызды құрап, ал құрылыс саласына деген қаржы 1,1 пайыз көлеміне артты дейді сарапшылар. Соған қарамастан экономика вирус салмағын айқын сезінуде деген.