Оралхан Бөкей шығармашылығына асау да албырт һәм мөлдір сезімдер шарпысқан романтизм мен сергек максимализм тән. Оның қаламынан туған тірі бейнелер арманшыл, тәуекелшіл қасиеттері басым жас оқырмандардың жадында ұзақ сақталатынына сенімдіміз. Жазушының жан нұры төгілген шығармалары жап-жасыл жастық аралының жарасымды бір бөлшегіндей. Өз басымызға солай.

Коллажды жасаған Қонысбай Шежімбаев, EQ
Оралхан Бөкей десе жан сарайымызға сәулелі, мөлдір сезімдерді сіңірген жазушы елестейді. Ол туған жерін – Алтайды асқан құштарлықпен, аңсарлы сағынышпен төгілте суреттеді. Оның негізгі кейіпкерлері де өз туған жерінің адамдары. Өзі анық білетін, жан дүниесімен түсінетін, әр әредікте түнде түсінде көріп, күндіз ойында әлдилейтін, шын өмірдегі артықшылығы мен кем-кетігі тоқайласқан кәдімгі өз жерлестері. Шын өмір мен шығармашылықтың ара-жігін асқан шеберлікпен әдіптеп, шығармашылық атты жұмбақ, рухани әлемді таза, асқақ күйінде сақтауға ұмтылған жазушы өз кейіпкерлері арқылы оқырманның жүрегінде аяушылық, мейірім, махаббат сезімдерін оятуды мақсат еткендей.
«Неге біз осы?» деп басталатын лекциясын оқи беретін Тағанды білетін оқырман оны әлі ұмытқан жоқ. Өйткені ол тек Тағанның көңіліндегі сұрақ емес. Ол сұрақты ақыл-есі бүтін, бүгіні мен ертеңіне елеңдейтін, қоғамдасып өмір сүрудің барлық мақсат-міндетін, одан туындайтын талаптар мен шарттарды, жетістіктер мен кемшіліктерді жақсы білетін кез келген жұмыр басты пенде өзіне қоя алады. «Неге мен осы?» демейді. «Неге біз осы?» дегеннен бастайды... «Меннен» гөрі «біз» маңыздырақ. «Біздің» инерциясы жоғары. Шындаса, «Біздің» қолынан келмейтін дүние жоқ. Бірақ сол «Біздің» надандықтың, қараңғылықтың құрсауынан шыға алмауы, ашкөздікпен өлерменденуі, бір-біріне деген қатыгездігі, қызғанышпен, кекпен қарулануы жарықты, биікті, тазалық пен адалдықты ту еткен жандарды өмірден түңілдіретіні де өтірік емес.
«Атау кередегі» басты кейіпкер «Неге біз осының» авторы. «Неге біз осы?» деп қамырықты күйге түскен, ойлай беріп ой түбіне батқан, қияли Таған осы шығармадағы барлық кейіпкерді біріктіріп тұрған негізгі ұстын. Шын мәнінде өз басының қамын ойлап, байлыққа жету үшін сонау Америкадан будан араларды алдыртып, бағып жүрген өзімшіл, сараң, қатыгез Ерік те, өмірінің соңғы күндері туған жерге табан тіреуді армандап қана жатқан Нүрке кемпір де, күйеуі бар болса да жалғыздықтан жапа шегіп, оның қамқорлығы мен мейіріміне бөлене алмаған Айна да қандай болсын, әйтеуір бір өзгерісті іштен күтіп жүргендері анық еді. Бір кездегі елді аузына қаратқан шешен де білімді аспиранттың қаңғып қалғаны, бір жұтым арақ үшін кісі есігінде жүруге арланбай, Ерікпен бірге оның үйіне баруға келісім беруі соқталы сюжет. Осы арқылы шығарма шымырланады, оқиға қоюланады.
«Неге біз осы?» қоғамдық өмірдің негізгі сұрағы. Таған бұл арқылы өзі өмір сүрген қоғамның барлық кемшіліктерін қолмен қойғандай ғып тізіп береді. «Шала-жансар жасалған оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: Өкімет басында отырғандардың бар-барлығына сендік, ал олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені қарғыс болды. Міне, сондықтан да халық адасты, қайсысының қай сөзіне сенерін білмей сенделді, олардың біріне-бірі жала жауа қуып, бірін-бірі жоққа шығаратын теңіз толқыны секілді айбынынан сескенді, не айтса да құлдық деді, кім айдаса да жүрдік деді, қытықтаса – күлді, шымшыса – жылады, онда да көз жасын жасырып тұншыға жылады, маңдайынан сипаса қуанды, жат десе – жатты, тұр десе – тұрды, осылайша цирктегі үйретінді аңдардай адамдар да таяқтың күші, тәттінің дәміне үйренді, үйретті...» дейді Таған. Сол жойқын мемлекеттік құрылым шындық іздеген, әсіресе, 1930-1940 жылдардың шындығын іздеген Тағанды адам қалпынан шығарып жібере жаздады. Диссертациясын қорғатпады, жұмыстан қуды, КГБ-ны соңына салып қойды. Ақырында барар жер, басар тауы қалмаған Таған он шақты жылдың ішінде маскүнем атанды. Бозала таңнан «Неге біз осы?» деп сұңқылдайтын әдет тапты. Таған – Кеңес өкіметі тұсында шындыққа ұмтылған, сол үшін жазаланған, қуғынға ұшыраған, тағдырының тас-талқаны шыққан адамдардың жиынтық бейнесі. Оның іздегені тек қана шындық емес. Ол адамға тән асыл қасиеттердің бәрінің жоқтаушысы. Бірақ «Біздің» рухы қалғып кеткен. «Біз» ұйқылы-ояу, тек бүгінмен өмір сүреді, қоғамдасып өмір сүрудің негізгі мақсатын түсінбейді. «Біз» жүйенің де құлы, құлқынның да құлы... Бұл шындық Таған сияқты жаны нәзік, білім мен парасат тең біткен адамдардың жанын жасытатыны анық.
«Атау кередегі» жағымсыз образ – Ерік. Өйткені ол өзі өсірген будан аралардан айнымайды. Оның өзі де будан тұқым... Әкесі қазақ, анасы орыс Еріктің ұлты жоқ. Ол үшін салт-дәстүр, тіл мен дін деген түк те емес. Ол ешкімнен жәбір көрмесе де адамдар арасынан қашады. Ауылдастарын үнемі жазғырып жүреді. Барлық мақсаты – көп дүние жинау. Ауру шешесі мен жарынан басқа ешкімі жоқ жалғыз жігіттің дүние жинаудағы мақсаты да айқын емес. Шығарма соңында сонаға айналып, ұшып кететін Ерік – ұлтсызданудың, мәңгүрттіктің символы. Оған бәрібір. Ол «Неге біз осы?» деп жаны күймейді. Өмірлік сұрақтар қойып, оған жауап та іздемейді. Бірақ Таған сияқты адамдардың энергетикасы оның әлсіз жан дүниесін күйретіп жібергеніне таңғалуға да болмайды.
«Атау кере» романы қоғамдық өмірдің қым-қуыт сауалдарына түрлі әдістермен жауап бере отырып, барлығынан айрылсаң да, адами қасиеттерді жоғалтпау туралы ой тастайтын күрделі роман. Мұнда негізгі кейіпкерлер көп те емес. Бар-жоғы жиырма шақты кейіпкер болуы мүмкін. Бірақ ешқайсысы бір-бірін қайталамайды. Түрлі мінез, түрлі тағдыр. Соның ішінде басты кейіпкерлер «Неге біз осы?» деп әлеуметтік сауал қойып, оған өзі жауап беретін Таған мен қатыгез, дүниеқоңыз Ерік бейнелерінің ерекшеліктерін ғана сөз еттік.
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар