Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020

Қосымша 2619 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қосымша 2619 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосымша 2619 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынады

"Біздің министрлік күзгі кезеңге барынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елдегі ауруханалардағы төсек орындардың саны 54 178-ге жетеді. Бұл дегеніміз – қазір қолданыстағы 16 304 инфекциялық төсек орын, жаңадан салынып жатқан инфекциялық нысандағы 2790 жаңа төсек орын мен басқа стационарлардағы 32 064 төсек орын. Жан сақтау бөліміндегі төсек орындардың саны 2981-ге жеткізіледі. 2020 жылдың 9 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 19 066 инфекциялық төсек орын болса, оның 15 пайызында пациенттер жатыр", деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, қазір инфекциялық және провизорлық стационарларда өкпені жасанды желдетудің 3379 аппараты бар. Қосымша тағы 2619 аппарат сатылып алынғалы жатыр. Оның ішінде 1500 аппарат отандық компанияларда өндірілген.

"2020 жылы отандық өндірістегі 1167 дана санитариялық автокөлікті сатып алу көзделіп отыр. Олардың бәрі де осы жылдың қараша айына дейін ауруханаларға жеткізіледі", деді ол.