Білім • 09 Қыркүйек, 2020

Біз мектептердің ашылғанын қалаймыз - БҒМ Вице-министрі

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектептер жұмысын қалпына келтірудің бірнеше нұсқасы барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Біз мектептердің ашылғанын қалаймыз - БҒМ Вице-министрі

"Мектептердің жұмысын қалпына келтіру бізді де алаңдатады. Бұл жағдайға мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар бәрі алаңдап отыр. Біз мектептердің ашылғанын қалаймыз. Өз ұсыныстарымызды денсаулық сақтау министрлігіне жібердік. Мектептер жұмысын қалпына келтіру форматының бірнеше нұсқасы бар. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірге күн сайын барлық мәселелерді пысықтаймыз. Әр аймақта жағдай әртүрлі. Біз мектептерді әкімдіктердің шешімі бойынша, аумақтық санитарлық инспекторлардың келісімі бойынша ашуды ұсындық. Бұл ең дұрыс тәсіл. Біз балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдауымыз керек. Сондықтан біз сіздерге қосымша хабарлаймыз", деді Шолпан Каринова.