Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020

Шымкент әкімі ақын Әкім Ысқақты қабылдады

771 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ақын, сазгер, Мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Ысқақпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент әкімі ақын Әкім Ысқақты қабылдады

Кездесу барысында шаһар басшысы Елбасы ұсынған рухани жаңғыру — бүгінде ұлттық идея деңгейіне көтерілгенін, мемлекет қоғамның рухани-мәдени дамуына айрықша назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, М.Әйтенов ұлттық кодты сақтау мен Мәңгілік Ел мұратына қол жеткізуде шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Сіз қазақ поэзиясы мен сатирасына елеулі еңбек сіңірдіңіз. "Қарлығаш", "Гүл қауызындағы тамшы", "Күн ұлымын" атты жыр жинақтарыңыз бен әсем әндеріңіз көпшілікке кеңінен танымал. Сонымен қатар Сіздің "Абзалдық әліппесі", "Жүректегі жазулар" сынды туындыларыңыздың тәрбиелік мәні зор", деген Мұрат Дүйсенбекұлы ақынды асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, оған шалқар шабыт пен зор денсаулық тіледі.

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында Әкім Ысқақтың 60 жылдығына арналған "Мөлдірейді жүректегі жазулар" атты кездесу кеші мен кітап көрмесі өтті.