"112" бірыңғай шұғыл құтқару қызметі арнасына мобильді телефоннан белгісіз ер адам қоңырау шалып, бомба қойылғандығы жөнінде айтқан.
Кинологтар мен жарғыш техниктер ғимаратқа және спорт кешені ауданына қарап-тексеру жүргізген, алайда жарылғыш құрылғы табылмаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында терроризм актісі жөнінде хабарлаған алкогольдік масаң күйдегі 39 жасар ер адам анықталды.
Тергеу барысында күдікті адамның бұған дейін ұрлық пен алаяқтық жасағаны және есірткі затын сақтағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Ер адам қамауға алынып, ПД тергеу изоляторында отыр. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеу жүргізілуде.
Елорда полицейлері азаматтар мен елорда тұрғындарына терроризм актiсi туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.
Жылдың басынан бастап елордада терроризм актісі туралы жалған хабарлама берудің 6 фактісі тіркелген. Полицейлер аталған қылмыс түрін 100% ашты.
Жүргізілген талдау нәтижесі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама көп жағдайда кәмелетке толмағандардан, алкогольдік масаң күйдегі адамдардан келіп түсетінін көрсетіп отыр.
Ойланбай жасаған теріс қылықтардың салдары материалдық шығынды өтеумен қатар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратыны есіңізде болсын.