"Азаматтарды күзгі әскерге шақыру басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына 17 мыңнан астам, 18-ден 27 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскерге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге шақыру және белгіленген мерзімді өткерген мерзімді қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады", деді Сәкен Жүсіпов.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 27-бабы үшінші тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.