31 Қазан, 2013

Генадий Зюганов Ресей үкіметін отставкаға жіберуді талап етпекші

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 10 - ZiuganovГенадий Зюганов Ресей президентінен үкіметті отставкаға жіберуді талап етпекші. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

«Біз үкіметтің отставкаға кетуін қолдайтын 2 миллионға жуық адамнан қол жинап шықтық», – деп мәлімдеді Ресей Федерациясы Коммунистер партиясының хатшысы Сергей Обухов.

Үстіміздегі жылдың шілде айында Ресей Федерациясы Коммунистер партиясы үкіметті қызметінен босату жөнінде ниет білдірген болатын. Партия жетекшісі Генадий Зюганов құжатқа 101 депутаттың қолы қойылғанын мәлім етті. Ал мәселені мемлекеттік Думаға өткізу үшін 90 адамның қолы жеткілікті.

Коммунистер үкіметтің қызмттен кетуін талап етуге бірқатар себептер бар екенін айтады. Олардың ішінде экономиканың жүйелі дағдарысқа ұшырауы, «қабілетсіз қаржы саясаты» мен «мемлекеттік мүлікті талан-таражға салу» мәселелері бар. Сондай-ақ коммунистер партиясы үкіметтің ғылыми-техника саласына жетік назар аудармайтынын, жемқорлық пен ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін өзге де мәселелерді шеше алмай жатқанын алға тартты.

Айдар Өрісбаев.