Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты еліміздің Батыс өңірдегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтау болды.
Қарулы Күштерден басқа маневр жасауға "Бекет-2020" ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығуы шеңберіндегі іс-шараларға қатысқан басқа да мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері тартылды.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында нақты жауынгерлік жағдайларға барынша жақын, кешенді тәуекелдер мен гибридті сипаттағы қауіп-қатерлерге, сондай-ақ шартты қарсыластың әрекеттеріне ден қою қажеттілігін ескеретін жағдайлар қарастырылды.
Арнайы операция күштері оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, жергілікті жерді барлауды үздіксіз жүзеге асырды. Бұл заңсыз қарулы құралымдарды дер кезінде анықтау мен әскери бөлімшелерді алдағы іс-қимылдардың бағыты туралы бағдарлауға мүмкіндік берді.
Әскери теңізшілер теңіздің экономикалық қызмет нысандары мен жағалауды қорғау бойынша іс-шаралар өткізді. Зымыранды-артиллериялық катерлердің күштері теңізден шартты қарсыластың шабуылына тойтарыс берді. Сондай-ақ еліміздің теңіз шекарасын бұзған кемелерді оқшаулау және бейтараптандыру жүргізілді. Бірқатар маңызды тапсырмаларды жауынгерлік жүзушілерден құралған жасақ орындады.
Берілген аймақта ауа мен қайықтардан қону арқылы жауынгерлер су астындағы барлаушылардың іс-қимылдарының алдын алды. Қайықтарды жау диверсанттарынан қорғауды ұйымдастырды, сонымен қатар шартты жаудың кемесін жасырын түрде миналандырды. Теңіз жаяу әскерлері шекара маңындағы ауданда қарулы қақтығысты оқшаулау, оның ішінде босқындар лагерлерін өрістету, олармен қажетті ақпараттық және психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.
Қазіргі таңда әскерлерде, бірінші кезекте арнайы операциялар күштері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелерде белсенді түрде енгізіліп жатқан армиялық тактикалық атысты қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің іс-қимылы жекелей көрсетілді. Бұл жеке құрамның жауынгерлік даярлығында жаңа бағыт пен заманауи ерекшеліктерін ескере отырып, жауынгерлердің ұрыс жылдамдығын, қарсыластың тікелей жақындығы мен жауынгерлік тәртіпке өрістету үшін жағдайлардың орын алмауы кезеңінде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу дағдыларына басты назар аударылады.
Әскери қызметшілер армиялық тактикалық атыс жаттығуларын орындау барысында атыс қаруын, сондай-ақ суық қаруды, атап айтқанда пышақты, сапер күректерін және т.б. қолдана отырып, қарсыласты әртүрлі ережелерден жеңуді жүзеге асырады. Мұндай іс-қимыл жауынгерлерден тек сенімді кәсіби дағдыларды ғана емес, жеке құраммен тұрақты негізде өткізілетін арнайы психологиялық дайындықты да талап етеді.
Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов қадағалады. Олар жауынгерлердің кәсібилігіне, Қарулы Күштер бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік органдардың өңірдегі дағдарыстық жағдайды жою жөніндегі міндеттерді шешудегі іс-қимылдарының үйлесімділігіне жоғары баға берді.