Әлем • 11 Қыркүйек, 2020

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңі басталды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранда Парламент Мәжілісі сайлауының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz ISNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда парламент сайлауының екінші кезеңі басталды

Учаскелердегі дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталды. Дауыс беру 10 сағатқа созылады. Қажет болған жағдайда ол бір немесе екі сағатқа ұзартылуы мүмкін. Қорытынды бойынша 290 депутаттың қалған 11-нің аты-жөні анықталуы тиіс.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Иранда Мәжіліс сайлауы өтті. Парламентке өткен кандидаттардың есімдері дауыс беру аяқталғаннан кейін бірнеше күн ішінде жарияланды. Сәуір айында 208 сайлау округінің 10-ында екінші тур өтуі керек еді, алайда пандемияға байланысты ол 11 қыркүйекке ауыстырылған болатын.