Медицина • 11 Қыркүйек, 2020

1 429 медицина қызметкері арнайы төлем алды

12 рет көрсетілді

COVID-19-бен күресуге тартылған 1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан  берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ МӘСҚ аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлемдер аударды.

Бұған дейін хабарланғандай, жоғарыда аталған төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар ауырған медицина қызметкерлерін тексеру нәтижелері негізінде анықтайды. Өтінімдердің жинақтауды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

11 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 429 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.

Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалаларынан (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарынан жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 9 сәуірдегі "Денсаулық сақтау ұйымдарының COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлері аталған инфекцияны жұқтырған немесе одан қайтыс болған жағдайда оларға біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығына ағымдағы жылдың 22 шілдесінде енгізілген өзгерістерге  сәйкес жоғарыда көрсетілген төлем:

– коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн. теңге;

– COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан,  вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.

Соңғы жаңалықтар

Қыран қанатында қалықтаған жыр

Руханият • Бүгін, 08:43

Құнды қазына орталығы

Руханият • Бүгін, 08:15

Инвестиция тартуға күш салуда

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12

Талапты қыз Тәліпова

Спорт • Бүгін, 08:10

Тарихта тұрлау болған ба?

Тарих • Бүгін, 08:08

Сербияда сайысқа түседі

Бокс • Бүгін, 08:06

Шүкіршілік

Руханият • Бүгін, 08:02

Бастамаларды қолдау алаңы

Саясат • Бүгін, 08:00

Алаш топырағындағы алтын тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00

Ахуал алаңдатып тұр

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Ақ желеңді абзал жандар

Қоғам • Бүгін, 07:47

Жарқайыңның жомарт жандары

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Үндістандағы ахуал нашар

Әлем • Бүгін, 07:32

Жол – мемлекеттің күретамыры

Аймақтар • Бүгін, 07:24

«Указной молда»: Ол кім?

Руханият • Кеше

Қылаң

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар