Елорда • 11 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артты

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өтініш білдірушілер бірқатар мәселелерді, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту үшін жағдай жасау және т. б. мәселелерді көтерді. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Алтай Көлігінов айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда ерекше балаларды оңалту орталықтарының саны артты

Қала әкімінің айтуынша, ел басшылығы осы бағытқа ерекше көңіл бөледі. Қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі артқан.

"Тұңғыш Президент – Елбасы қорының бастамасымен мектептер базасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Жазда "аутизм" және ДЦП диагнозы бар балаларды оңалтуға арналған 2 оңалту орталығы ашылды. Осы жылдың соңына дейін көру қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақшаны, иппотерапиямен айналысуға арналған жабық ат спорты манежін салып, пайдалануға береміз. "Жастар" сарайында ғимаратқа, оның ішінде бассейнге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз – ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қолжетімді болады және т.б. Осы бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі, дейді елорда әкімі.

Сондай-ақ Алтай Көлгінов азаматтарды апта сайын қабылдайтынын жіне атылған мәселелер жоспарға алынғанын қоса кетті.

Бүгінде тиімді кері байланыс және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін бір жылдан астам уақыт бойы "Жанұя" отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде орталық 57 мыңнан астам мәселе қарастырды.