Әлем • 13 Қыркүйек, 2020

Францияда коронавирустың рекордты жұғуы тіркелді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франция жұртында бір күнде пандемия басталғалы болмаған рекордты ауру тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz елдің Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Францияда коронавирустың рекордты жұғуы тіркелді

Тәулік ішінде 10 561 адамға ауру жұғуы француздарды үркітіп тастағандай. Бұдан бұрын 11 қыркүйекте 9843 жанның вирус жұқтырғаны анықталғанда жиырылған халық, енді ол одан да 718 адамға көбейіп кеткеніне қатты алаңдаушылық білдіруде.

Алғашқы рекордты ауру тіркелген 11 қыркүйекте Франция премьер-министрі  Жан Кастекс елдегі COVID-19-дың  өсіміне қынжыла, барша француздарды әлеуметтік қашықтыққа мұқият болуды, сақтық шараларын қатаң ұстанып, вирус анықтау үшін тест тапсыруға шақырған еді. Ал тамыздың аяғында Париж билігі қала тұрғындарына тегіс тұмша тағып жүруді міндеттегені жайында бұрын да жазған болатынбыз. Тіпті жүгіруге шықсаңыз да тастамаңыз, әйтпегенде ауру таралуына тосқауыл қоя алмауымыз мүмкін деп қауіп білдірген-ді.