Коронавирус • 13 Қыркүйек, 2020

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина жасау жалғасын тапты

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбританияда SARS-CoV-2 қарсы вакцина әзірлеудегі ағылшын-швед бірлескен жобасы тоқтап қалған еді. REGNUM агенттігі AstraZeneca фармкомпаниясының Оксфорд университетімен одақтаса қолға алынып, бірақ біраз уақытқа тоқтатылған жұмысы қайта жалғасты деген хабар таратты, деп жазады Egemen.kz.

Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцина жасау жалғасын тапты

Оған себеп болған COVID-19-ға қарсы вакцина әзірлеуде тәжірибеден өтіп жүрген бір еріктінің ауырып қалуы еді. Бұл – ерікті ағзасына вакцина тигізген жанама әсер болуы мүмкін деп дереу тәжірибе тоқтатылған болатын. 

Алайда  елдегі дәрілер мен медициналық мақсаттағы заттардың сапасын қадағалайтын агенттік (MHRA) вакцинаның зиянсыздығы туралы қортынды жасап, вакцинаның әрі қарайғы тәжірибеден өтуіне жол ашыпты.