
"Демалыс күндері шектеу шараларын алып тастау туралы мәселе әзірге қарастырылмайды. Бізде демалыс күндері онсыз да шектеу шаралары көп емес. Демалыс күндері адамдар көп жиналатын сауда, ойын-сауық орталықтарының, жабық базарлардың, фитнес-орталықтардың, спа-орталықтардың және сұлулық салондарының жұмысына ғана шектеу бар. Бұл минималды талаптар. Біздің міндетіміз – эпидемиологиялық ахуал тұрақтылығын сақтау және аурудың одан ары төмендеуіне қол жеткізу", - деді Айжан Есмағамбетова БАҚ өкілдеріне сұхбат беру барысында.