Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Сүндет Байғожин жаңа қызметке тағайындалды

965 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына белгілі опера әншісі, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин басшы болып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүндет Байғожин жаңа қызметке тағайындалды

Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы Арқалық қаласында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық музыка академиясының түлегі.  Бұған дейін "Астана Опера" театрында жетекші опера әншісі, Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының, "Құрмет" орденінің иегері.

Өнер ордасының жаңа директорын көпшілікке облыстық мәдениет басқармасының басшысы таныстырды.

"Сүндет Байғожин  - Қостанай өңірінен шыққан ұлтымыздың талантты ұлдарының бірі. Енді туған жерде бар күш-жігерін салып еңбек етіп, үлкен шығармашылық ұжымды жаңа белестерге жетелейді деп сенім артамыз", - деді Е. Қалмақов.

Қостанайдағы облыстық филармония 1944 жылы құрылған. Қазір мұнда Қазақ және орысхалық аспаптарының оркестрлері, "Қостанай таңы" би ансамблі, камералық оркестр,  "Маса" сатира және әзіл театры, "Славян әндері" ансамблі, "Достар" тобы, сияқты 8 шығармашылық ұжым жұмыс істейді.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50