Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Алматы тауларында ерлі-зайыптылар құтқарылды

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Алматы тауларында ерлі-зайыптылар құтқарылды

Таңертең ертемен серуенге шыққан жастар Көкшақыр ауылына дейін көтеріліп, тауды асып өткен. Сол жерде сұңқар ұстайтын жерге жеткен де, түскі 15.00 шамасында кері қайтқан.

Алайда жолды шатастырып алып, биік жартастан бір-ақ шыққан. Қараңғыда кері қайту мүмкін болмаған, себебі дауыл құлатқан ағаштар жолды бөгеген. Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару және кинологиялық жасақты қоса алғанда, 6 адам шықты.

Аталмыш топ көлікпен Сұңқар тәлімбағына жетті, содан кейін дауыстап іздеп, жаяу жүрді. 2-3 шақырымнан кейін зардап шеккендердің қолшам жарығы байқалды. Құтқарушылар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тік жартасты бойлай туристерге жетті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаса да, тоңа бастаған екен.

"Одан әрі республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы ерлі-зайыптыларға қалыпты жолға түсуге көмектесті, содан кейін зардап шеккендерді экопостқа жеткізді", деді ведомствода.

 

Алматы

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15