Елорда • 15 Қыркүйек, 2020

Елордада "Жағалау-3" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жағалау-3" тұрғын үй кешенің құрылысы 8 жыл бұрын басталған. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада "Жағалау-3" тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын

"Кеше кешкі аралау кезінде құрылысы созылып кеткен "Жағалау-3" (30-блок) кешенін бір пысықтадық. Бұл үйдің құрылысы 8 жыл бұрын басталған, бірақ қордаланған мәселелері көп. Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, құрылыс кестесін жасаған едік", дейді елорда әкімі.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазір құрылыстың қасбеті аяқталған. Жұмысшылар жеделсатыны орнатып жатыр екен. Сонымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізуліп жатқанын тілге тиек етті.

"Жақын арада ішкі  жұмыстары басталады. Сонымен қоса, құрылыс кешені  энергиямен тұрақты қамту көзіне (су, жарық, кәріз жүйесі үшін) жалғау жұмыстары жүруде. Бұл тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пәтерлерді жыл аяғына дейін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз", дейді қала әкімі.