Пандемияның соңы жаһандық экономикалық дағдарысқа ұласқаны белгілі. Сол орайда Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты орын алған жағдайға сын-қатерлер мен тәуекелдерге жауап бере алмай қалды. Сол себепті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ақша-несие саясатын қайта қарауды тапсырды.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, EQ
Ақша-несие саясаты – өте ауқымды дүние. Соның ішінде көп нәрсе қайта қаржыландыру мөлшерлемесін реттеу саясатына тікелей байланысты. Нарықтағы инвесторлар, несие алушылар, дәстүрлі салымшылар, депозит ашушылар ақша сала отырып, белгілі бір деңгейде тәуекелге барады. Тәуекел деп отырғанымыз – елдегі инфляция, мұнай бағасының өзгеруі, ақшаның құнсыздануы.
Мәселен, Үкімет елдегі инфляцияның орташа деңгейін 6-8 пайыз көлемінде ұстап тұруға талпынуда. Алайда биыл аяқ астынан орын алған пандемия, мұнай бағасының төмендеуі, қалыптастан экономикалық ауыр жағдай инфляцияны 10 пайызға жеткізді. Бұл ресми статистика. Әдетте, ресми статистика мен шынайы жағдай ешқашан сәйкес келген емес. Демек, елдегі орташа инфляцияның деңгейі бұдан да жоғары деген сөз.
Қазақстандағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі қазір 9 пайызға тең. Осы жылдың көктемінде Ұлттық банк белгілеген мөлшерлеме 9,5 пайыз еді. Қаржылық реттеуші дәл сол тұста дұрыс қадам жасамады. Пандемия, дағдарыс жағдайында қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетуі керек еді. Аталған мөлшерлеме жоғарыласа, депозиттер, кредиттер қымбаттайды. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – ақшаның нарықтағы құнын білдіретін көрсеткіш. Яғни, Ұлттық банк мөлшерлемені көтерсе, екінші деңгейлі банктердің мөлшерлемесі де жоғарылайды. Дағдарыс жағдайында мөлшерлеме көтеріле берсе, жеке адамдардың, заңды тұлғалардың банк өнімдерін алу мүмкіндігі азаяды. Кредиттің қымбаттығы ешкімді қызықтырмайтын болады. Сондықтан дағдарыс кезінде қайта қаржыландыру мөлшерлемесі төмендетілуі керек. Меніңше, 7,5-8 пайызға дейін азайтуға болады. Бұл бизнес үшін де, бұқара үшін де тиімді болар еді. Президенттің Жолдауда назар аударып отырған мәселесінің бірі осы.
Валюталық саясатқа да тоқталғым келеді. Қазір Ұлттық банк алыпсатарлықтың алдын алу мақсатында шетелдік валюталарды сататын ломбардтардың, айырбас пункттерінің, банктердің жұмысына шектеу қойды. Осылайша валюта бағамын қолдан реттеуді көздеп отыр. Бірақ теңге пәрменді болмай тұр. Ұлттық валютаға сенім білдіретіндер аз. Кірістілігі 1 пайыз болса да, жұртшылық артық ақшасын доллармен сақтайды. Ішкі нарық ақша-несие саясатына сенімсіздік танытқан соң, шетелдіктер де күмәнмен қарайды. Мұның саяси астары да бар. Шетелдік инвесторлар Қазақстанда заң үстемдік еткен кезде ғана бізге деген көзқарасын өзгертеді. Әзірше, Қазақстандағы саяси фактор инвесторларға тиімді емес. Сондықтан алдымен саяси реформа жасалуы керек. Сонда ғана ақша-несие саясаты, экономикалық реформалар өз жемісін беретін болады.
Кез келген ұлттық валюта екі жолмен қамтамасыз етіледі. Бірі – алтын-валюта қоры. Екіншісі – тауар өндірісі. Дәл қазір бірде-бір мемлекет ұлттық валютаны алтын қорымен қамтамасыз ете алмайды. Өйткені алтынның қоры шектеулі. Демек біз екінші жолға басымдық беруге тиіспіз.
Талғат ДЕМЕСІНОВ,
экономист, профессор
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Медицина • Бүгін, 08:34
Оқу үдерісін қазақшалауға қосқан үлесі зор
Білім • Бүгін, 08:32
Ұқсас жаңалықтар