Оңтүстік Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2020

Шымкентте Дендропарк өртенді

1315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 16 қыркүйек күні сағат 14:30-да Шымкент қаласындағы Дендропарк отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте Дендропарк өртенді

Өртті тек бір сағаттан кейін ауыздықтады. Өртті сөндіруге 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт аумағы 3500 шаршы метрді алған. Саябақтың ауданы 120,52 га құрайды. Арборетумда әлемнің әр түкпірінен әкелген флораның 600-ден аса түрі өсетін.