Ел үкіметінің мұндай шараға баруына ирландықтар арасында КВИ-дің таралуы себеп болды. Енді Дублин тұрғындарына бір жерде 6 адамнан артық жиналуға рұқсат жоқ. Пабтар мен барлар қыркүйектің 21-не дейін жабылып, астаналықтарға қала аумағынан шығуды шектеуді және жоғарғы оқу орындарында санитарлық нормалардың қатал қадағаланып, сақтық үшін зарарсыздану мен әлеуметтік қашықтықты ұстауға кеңес берілген.
Ирландияда осыдан бұрын да министрлердің бірі КВИ жұқтырды деген секемденуден Үкіметті де карантинге жауып, одан министр тапсырған тестте ауру анықталмай шектеу алынып тасталған еді. Енді карантин шаралары тұтас Дублинді қамтыды.