Дәлірек айтар болсақ, 2194 азаматтан SARS-CoV-2 анықталып, жалпы алғанда 265 857 адам вирус жұқтырған.
17 қыркүйектегі институт хабарламасында 24 сағаттың ішінде 3 пациенттің тіршілік тынысы тоқтап, ел көлемінде пандемия басталғалы 9371 адамның құрбан болғаны жария етілген.
Федералды жерлерден құралған мемлекетте індет басталғалы ауру тіркелуі жөнінен Бавария (63 632), Солтүстік Рейн — Вестфалия (63 565) және Баден-Вюртемберг сынды аймақтар (46 041) алдыңғы орындарда келеді.
Үкімет сақтық шараларын күшейтіп, халық көп жиналатын дәстүрлі мереке, карнавалдарға тиым салғанның өзінде Германия халқы вирус салмағын әлі де сезініп отыр.