Шет елдерге жұмысқа баратын дипломаттармен әңгімелесу тәжірибесі жүйелік дәстүрге айналды. Дипломаттар шет елдерде болу жағдайындағы этикалық мінез-құлық нормалары туралы, мемлекеттік қызмет тарапынан оларға қойылатын шектеулер туралы және әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау жөнінде кеңестер алады.
Биылғы кездесу ерекше сипатта өтті. Әңгіме шет елдерде біздің азаматтарымыздың құқықтарын қорғайтын консулдық қызметкерлермен өтті. ҚР СІМ "Адалдық алаңы" жобалық офисінің жұмысындағы басты бағыттардың бірі – консулдық бағыт екенін атап өту қажет. Шетелдегі консулдық қызметкерлердің жұмысына қарап азаматтар Министрліктің және барлық мемлекеттік қызметтің жұмысын бағалайды. Осыған байланысты консулдарға Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдардың өкілі ретінде ерекше жауапкершілік жүктеледі.
Әңгімелесу барысында дипломаттар ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен іске асырылған "Сыбайлас жемқорлық бізде жоқ" акциясымен таныстырылды. Бұл акцияның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейі, олардың азаматтардың сұраныстарына жауап беру қабілеті, келушілер үшін басшылықтың қол жетімділігі туралы халықтың пікірін зерттеу. Түрлі себептермен шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары да еліміздің азаматтық қоғамының толыққанды өкілдері болып табылады және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс туралы пікірі де маңызды. Осыған байланысты консулдық қызметкерлер өздерінің шетелдік миссиясын адалдық, ашықтық, кәсібилік қағидасы негізінде құруы және мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жолсерігі болуы тиіс.
Пікір алмасу барысында сыртқы саяси ведомствосының ерекшелігін ескере отырып, Сыртқы істер министрлігінде "Адалдық алаңы" жобасының жұмысын жетілдіру және кеңейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерінде халықаралық тәжірибені пайдалану және шетелдік өкілдіктердің ҚР СІМ "Адалдық алаңы" жобалық офисімен тығыз өзара іс-қимылы туралы ұсыныстар айтылды.
Жақын арада мұндай кездесулер жалғасын тауып, шетелге шығатын барлық дипломаттарды қамтитын болады. "Адалдық алаңы" идеологиясы – сыбайлас жемқорлықтан азат аумақтар едәуір кеңейтілетін болады.