Таяуда ғана 10 жасқа толған Екатеринаның анасы Оксана Бузмакова Nur Otan партиясының қалалық филиалына барып, қаршадай қызының жүріп-тұруы мұңға айналғанын айтып, көмек сұраған. Одан соң, кішкентай Катяның өзі де партия төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Назил Раззактың онлайн қабылдауында болып, мүгедектер арбасын армандап жүргенін айтқан.
Партия өкілі бұл мәселенің шешілетінін айтып, уәдесін берген еді. Көп ұзамай арба да табылды, арман да орындалды. Күні кеше ғана Nur Otan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен қайырымдылық шара барысында бір топ белсенді Екатеринаға мүгедектер арбасын тарту етті.
– Қызымның қуанышында шек жоқ. Дүниеде қозғалыссыз отырудан жаман нәрсе жоқ екен. Көктемнен бері өздігінен үйден шыға алмай қалып еді, енді аулаға, таза ауаға шығып серуендей алатын болды, – деді көзіне қуаныш жасы үйірілген Екатеринаның анасы.
Қостанай облысы