- Азамат өз төлқұжатының уақтылы ауыстырылмау себебін жеке басындағы жағдайлармен байланыстырады. Полиция оның азаматтығын қайта бекітіп, жеке басын куәландыратын төлқұжат алуына көмектесті, - деді көші-қон қызметінің аға инспекторы Батыр Зәйтенов.
- Ұзақ жылдар бойы кеңестік қызыл паспортпен жүрдім. Тоқсаныншы жылдары милиция бөліміне барып, жаңа куәлік алуға қажетті құжаттар тізімін алғанмын. Тиісті анықтамаларды жинап жүргенде паспортымды жоғалтып алдым. Содан бері уақыт зу етіп өте шықты, биыл ғана полицияға хабарласып отырмын. Сөйтсем, мен ойлағандай қиын түгі жоқ екен, полиция қызметкерлері өздері жүгіріп жүріп, қысқа уақыт ішінде құжатымды ресімдеп, жеке куәлігімді қолыма ұстатты. Әсіресе, жағдайымды тәпіштеп сұрап, көп көмек көрсеткен Қостанай аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Жайлаубековке алғысым шексіз, - деді Сергей Проскуряков.
Қостанай облысы