Зерттеушілер Шолпанның қышқылды бұлттарында микробтар болуы мүмкін деп есептейді. Олар фосфин қалдықтарының планетада бар екенін анықтаған. Бұл жердегі оттегісіз ортадағы бактериялар шығаратын газ. Ғалымдардың болжамы нақтыланса, алғаш рет жерден тысқары аспан денесінде тіршілік табылмақ.
НАСА қазіргі таңда күн жүйесіне планетааралық төрт зонд жіберуді жоспарлап отыр. Солардың бірі – DAVINCI+ деп аталады. Аталған зонд Шолпан планетасының атмосферасын зерттейтін болады.
«DAVINCI+ миссиясымен жұмыс істейтін астробиолог Дэвид Гринспунның сөзіне сүйенсек, ғарыш кемесі Венераның атмосферасына еніп, онда не болып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, IVO – Юпитердің Ио жанартаулы серігіне, Trident – Нептунның ең үлкен серігі Тритонға жіберілмек, ал VERITAS миссиясы Венераның геологиялық құрылымын зерттемек», дейді Reuters.