Әлем • 21 Қыркүйек, 2020

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша әлемде ең көп коронавирус жұқтырғандардың дерегі АҚШ-та тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты

Соңғы мәлімет бойынша, әлемдегі коронавирус құрбандарының саны 959 мыңнан, ал вирусты жұқтырғандар 30 миллионнан асты.

Әлемдегі инфекция жұқтырушылар саны 30 919 638-ға жетті. Көз жұмғандар 959 332-ге дейін өсті. Науқастардың ең көп саны АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген.

Қауіпті вирус жұқтырғандар АҚШ-та 6 миллионнан, Үндістанда 5 миллионнан, Бразилияда 4 миллионнан асты.