Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда мыңнан аса адам із-түссіз жоғалған

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев адам саудасына қарсы күрес барысы туралы өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мыңнан аса адам із-түссіз жоғалған

"Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалғандар саны 1200 адамды құрап отыр. Оның ішінде 22-сі бала. Көп жағдайда ер адамдар жоғалып жатады. Ол іссапар мен автокөлік айдап әкелу, маусымдық жұмыстар бойынша өзге аймаққа кеткен ер азаматтарға қатысты болып отыр. Ал әйелдер ішімдік ішкеннің салдарынан осындай оқиғаға душар болып жатады. Жасөспірімдер арасында мұндай жағдай әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының жағдайына, ата-анасымен келіспеушіліктің салдарынан туындап жатады", деді Думан Таев. 

Оның айтуынша, соңғы 180 жағдай бойынша анықталып, туыстарына қайтарылып жатыр. 

"Адам саудасына қатысты сексуалдық әрекеттерге мәжбүрлеу ірі қалаларда кездессе, жұмыс күшіне мәжбүрлеу ауылдарда көп кездеседі. Сондықтан да бұл қылмыс түрлері барлық өңірде кездеседі", деді ол.