Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Жаркентте ауруханаға оттегі стансасы орнатылады

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Жаркент қаласындағы ауруханаға оттегі стансасы орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаркентте ауруханаға оттегі стансасы орнатылады

"Жалпы құны 76 млн теңгені құрайтын жоба қазан айында іске қосылмақ. Қазір стансаны орнату жұмыстары басталды. 320 орынға арналған орталық аурухана жанынан ашылатын оттегі стансасынан бір мезетте 50 нүктеден оттегі толтырылады", деп хабарлайды Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

"Алматыдан ауыр баллондарды таситынбыз. Енді бұл мәселе де шешілді. Бұдан бөлек осы пандемия кезінде біздің орталық ауруханаға кәсіпкерлер мен қайырымды азаматтар оннан астам оттегі концентратын, басқа да қажетті медициналық жабдықтарды тарту етті. Мемлекет тарапынан да қажетті көмек көрсетілуде. Біз індеттің ықтимал екінші толқына толықтай дайын", дейді бас дәрігер. 

Орталық аурухананың бас дәрігері Төлеу Сарпековтың айтуынша, станция сағатына 50 метр кубқа дейін оттегі құяды. Сондай-ақ 120 науқасқа бір уақытта қажетті оттегі беріледі. 

Пандемия басталғалы Панфилов ауданында 139 адам індетке шалдыққан. Қазір аталған адамдар толықтай жазылып, өңірде санитарлық сақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дәмі бар балмұздақ

Кәсіпкер • Бүгін, 09:15

Шебер тірілткен құнды мұра

Көрме • Бүгін, 09:05

Жарапазан айтып жарысты

Дәстүр • Бүгін, 09:00

Наурыздың рухын асқақтатқан ән

Наурызнама • Бүгін, 08:55

Парасат пен мейірім

Қоғам • Бүгін, 08:50

Америка асқан «Қыз-Жібек»

Таным • Бүгін, 08:45

Өнегелі Ольга

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тау көтерген толағай

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт тағамын ұлықтаған

Кәсіпкер • Бүгін, 08:20

Жауапты ғұрып

Пікір • Бүгін, 08:10