Коронавирус • 21 Қыркүйек, 2020

COVID-19: Франция екінші толқынға даяр ма?

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франиядағы "Жеңілмеген Франция" атты партияның басшысы» Жан-Люк Меланшон BFM телеарнасына берген сұхбатында ресми Париждің SARS-CoV-2 екінші толқынымен күреске даярлығын сынаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Франция екінші толқынға даяр ма?

Елдегі ауруханалардағы орын жетіспеу қауіпі және медициналық қызметкерлер санының аздығы екінші толқынның екпінін қайтара алмайды. Билік оған әзір емес, деген партия серкесі.

Меланшон айтса айтқандай, қазірдің өзінде Франциядағы КВИ өрістеуі азаймай тұр. Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран өткен аптада бірқатар ірі қалалар – Лион мен Ниццада COVID-19-дың қарқынды жұғуына байланысты "10 адамнан артық жиналуға болмайды" деп барлар мен мейрамханаларды жабылуы мүмкін деген.  Бордо, Марсель және Гваделупада да жағдайдың жақсармай тұрғанына қынжылып: "Біз ауруханаларға адамдардың көптеп түсуінің алдын алып, санитарлық шектеу нормаларын қатаңдатпасақ болмайды", деген Веран.