Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Жас жігіт дүкеннің ішінде бола тұра, жалпы құны 60 мың теңге тұратын 2 флакон ер адамдардың иіссуын және "Gillette" ұстарасына арналған ауыстыратын касеталарды жасырын ұрлап кеткен.
Полицияға жеткізілген күдікті жасаған ұрлығын мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Аталған тұлғаның құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болған жағдайда Бейбітшілік, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-66-10,71-66-40, 71-66-76 немесе "102" телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.