Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020

Ағаш өсіру ақшамен өлшенбейді

761 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Соңғы жылдары қалаға және аудан орталықтарына егілген көшеттердің қурап кетуі қалыпты құбылысқа айналды. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын қаланың әуежай аймағына баратын жолдың бойына, қоқыс полигоны аумағына, тіпті орталық көшелерге егілген жас көшеттер жыл өтпей қурап кеткендіктен, қазір олардың орны ашық далаға айналды.

Ағаш өсіру ақшамен өлшенбейді

Жері сазды, техникалық су­ды пайдалану жүйесі жоқ Ақ­төбе қаласында қарағаш пен үйеңкі ғана өседі деген не­­гіз­сіз уәждер де айтыла бас­­­­тады. Жасыл желекті тү­ген­­­­­деуге жергілікті белсен­ді­лер ара­ласып, егілген ағаш­тар­­­дың шықпай қалу себебі сұ­­ра­ла бастағанда, жауапты ме­­ке­ме­лер көшеттер жер­сін­бе­ген­­діктен, аптап ысты­қ­та дер ке­зінде суарылма­ған­дық­тан қурап кетті деп есеп берді. Кө­г­ал­­дандыру жұ­мыс­­­тары­ның ба­сы-қасында әуел­бастан ор­ман­­шылар мен тәжірибелі бағ­бан­дар аралас­қан кезде, қала жасыл желекке оранып шы­ға ке­летін еді. Оның үстіне, қазір­гі кезде бар желекті аман сақ­тап қалудың өзі үлкен шаруа­ға айналғанын айта кету де керек.

Ақтөбе қаласының әкім­дігі келесі жылдан бастап қа­ла­дағы барлық жасыл желек түрлерін түгендеу мақ­сатында әр ағаштың төл­құ­жатын жасап, сан­­дық жүйеге көшіру жұмыс­­тарын бас­тап кетті. Ағаштарды сақ­­тап қалу жолдарын Ойыл, Темір, Ақтөбе орман ша­­руашылығы мекеме­­ле­рін бас­қарған, Барқын құм­­­дарында қарағай өсіріп, Темір ауданының Толғанай де­ген жерінде алма бағын жай­­қалтқан 80 жастағы тә­жі­ри­белі орманшы Кәрен Айжарықовтан сұрағанбыз.

Ағаш, бұталардың түр-түрін жатқа білетін орманшы қазіргі көгалдандыру жұ­мыс­тарына аса риза емес. Ол 5 милион теңгеге 10 ауру­хана, 10 балабақша мен 10 мек­тептің жан-жағын жасыл же­лекке бөлеп қоюға болады дей­ді. Жергілікті климатқа төзім­ді ағаштарды өсіру жол­дарын жақсы білетін бағбан­ның шарбағында ағаш пен бұтаның 40-қа жуық түрі өсіп тұр екен. Оның бәрін өзі мен немерелері баптайды. Қызыл бүрген, мойыл, арша, қарағай, ал­мұрт, алма, жабайы алма, сырға тал, шетен, долана, жың­­ғыл, катальпа, қара үйең­кі, теректің «Невский» түрі, ай­лант (қытай шағаны) бір-біріне ұқсамайды.

 Тәжірибелі орманшының айтуынша, топырақ ағаш егіл­местен үш жыл бұрын д­айындалуы керек. Бірінші жыл тегіс жыртылып, ешбір арам­­шөп өспейтіндей тазар­тылып, ағаш құрттары жұ­мырт­қаларын анықтау үшін топырақтан сынама алына­ды. Екінші жылы көшет отыр­ғызылатын ұяшықтар 20 см етіп қазылып, келесі жылы одан әрі тереңдетіле бере­ді. «Көбіне ұзындығы бір метр­­ден асқан ағаштар жер­сін­­бейді, өйткені, өсіп тұр­ған жерінде қазылған кезде негізгі тамырына за­қым кел­гендіктен, жаңа орында қурап кетеді. Ал жанама тамырлары көп жас көшеттер басқа жерге тез жерсінеді. Сол үшін жыл сайын отырғызуға арналған кө­шет­тердің орнын ауыстырып тұру керек. Үш жыл бо­йы бір жерде өскен жас талды бас­қа жаққа ауыстырғанда шықпай қалады».

Қала көшелерінде жас қара­­ғай, шыршалардың өте баяу өсіп, жапырақтарының бүрі­­сіп, сарғайып тұрғанын аң­ға­руға болады. Олар әрі ал­шақ отыр­ғызылған. Бұл дұ­рыс емес, өйткені жас қыл­қан жа­­пы­рақтылар көлеңкені әрі ты­­ғыз егілген ағаштардың ара­­­сын­­да өскенді ұнатады. Бес жыл­ға дейін өте баяу өсе­ді де, содан кейін ғана бас­қа ағаш­­­­тар­ды басып озуға ты­ры­са­­­тын ерекшелігі бар. Күн­ге та­­лас өседі. Қазіргі ағаш өсі­ру­­­ш­ілер қарағай мен шыр­ша­ның, тұт ағаштарының осы ере­к­­шелігін білмейді. Кө­шет­­­­тер­­­дің арасы өте алшақ етіп отыр­­­ғ­ызылғандықтан ша­қы­­рай­­ған күннің сәулесі тіке түс­­кендіктен сарғайып кетіп жатады.

Кәрен ағайдың айтуынша, жас теректерді жазда қан­­ды­рып үш рет суарса да жет­кі­лік­ті болады. Мәсе­лен, терек­тің «Невский» түрі суық­­­­қа өте төзімді, топы­рақ­қа жақ­­­­сы жер­сінеді. Үш жыл­дан ке­йін «Невский» те­рек­тің тамы­ры 20 метр те­рең­дік­тен су­ды өзі сіңіреді. Не­гі­зі­­нен, жақ­сы та­мыр­ланып кет­­кен қара­ғай да суды онша қажет етпейді.

Сондай-ақ қоқыс полигоны аумағына жыңғылды қап­татып егіп тастауға болады, шаң ұстайды, ауаны тазар­тады. Құнарсыз, тасты, тұз­ды топыраққа, мұнай қал­ды­ғы төгілген аумаққа айлант­­ты (қытай шағанын) егіп тас­таса, ол топырақтағы зиян­ды зат­тарды бойына сіңі­ріп алады. Алайда оны тасжолдың бойы­на екпеу керек. Өйткені осы ағаштың тез өсетін қуатты тамырлары жол жамылғы­сын не ғимараттың іргетасын көтеріп тастайтыны бар.

Ауруханалардың жан-жағы­­на, әсіресе туберкулез ауру­ха­насының айналасына қарағай мен ар­ша­ны көптеп егіп тастау керек деп есептейді Кәрен ағай. Бұл ағаштардың ауаны оттегі­мен байытатыны бел­гілі. Тұт ағашы да суыққа төзім­ді, ерек­ше күтімді қажет ет­пей­ді. Сон­дай-ақ мектептер мен ба­ла­­бақ­­шаның айналасына күзде гүл­дейтін долана, ше­тен, мо­йыл, сүмбіл терек, қызыл бүр­ген­ді егіп тастаса, оқу­шылар қыр­күйекте сабақ­қа оралғанда мектептің айналасы жайнап тұрады, дейді.

Қала мен ауылдардың ай­на­ласын көгалдандыру жұ­мыс­­тарына тәжірибелі ор­ман­­­шы Кәрен Айжарықов­тың кеңестерін неге пайдаланбайтынын біле алмадық.

 

АҚТӨБЕ