"24 қыркүйекте режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі Сан Себастьяндағы 68-ші Халықаралық кинофестивалі – "А" класындағы әлемдегі ең беделді кинофестивальдердің бірінде көрсетіледі. Бұл киноқаралым Еуропада маңыздылығы жағынан Канн, Берлин және Венециядан кейінгі төртінші орында", делінген киностудияның парақшасында.
Айта кетейік, көрсетілім "Zabaltegi Tabakalera" секциясының аясында өтеді. Онда кинематографиядағы жаңа толқынды авторлардың туындылары бар.