Бұған қосымша өткен аптада 13 саркофаг табылған еді. Артефактілердің жасы шамамен 2500 жылды құрайды.
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген ежелгі Саккара қорымы − әйгілі Гиза пирамидаларынан оңтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан. Бұдан бөлек, жақын маңайда Джосердің үлкен сатылы пирамидасы да орналасқан.
Ғалымдардың айтуынша, ағаш саркофагтар жерленген сәттен бастап ашылмаған. Олардың бетінде Жебе мен көк бояумен жасалған әсем суреттер, сондай-ақ иероглифтік жазулар өте жақсы сақталған.
Министрліктің парақшасында ғалымдар жұмыстың әрі қарай жалғасатынын және таяуда жаңа нысандарды табуға ниетті екенін жасырмады.
Айта кетейік, Египет үкіметі коронавирустық пандемияға байланысты туризм саласын жандандыру мақсатында бүкіл ел бойынша археологиялық ашылуларды қолдайтынын алға тартты.