Әлем • 22 Қыркүйек, 2020

Батыс жартышардағы пандемиямен арпалыстың толастайтын түрі көрінбейді

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс жартышардағы пандемиямен арпалыстың толастайтын түрі көрінбейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс жартышардағы пандемиямен арпалыстың толастайтын түрі көрінбейді

Мексикада өткен тәулікте жаңадан 3 мыңға жуық КВИ жұқтыру оқиғасы тіркелгені жайлы елдің Денсаулық сақтау министрі Уго Лопес Гатель Twitterдегі парақшасында жария еткен. REGNUM мәліметтеріне сүйенсек, 700 580 мексикалықтан пандемия басталғалы ауру табылып, ажал құшқандар 73697 адам болған.

Аргентинада 24 сағат ішінде 429 пациент өмірмен қоштасып, індеттен барлық көз жұмғандар 13 482-ні құрап, SARS-CoV-2  тудырған дерттің салмағын 540 147 жан сезінген көрінеді. Ел астанасы Буэнос-Айрес тұрғындары арасында да ауру жұқтыру азаймай тұр, өткен тәулікте 3700 адамнан вирус табылған.

Әлем бойынша індет тарауы жөнінен алдыңғы орынның біріндегі Бразилияда 4 558 068 адам ауру тырнағына ілініп, өткен 24 сағатта 13 439 жаңадан вирус жұқтыру тіркелген.  Пандемия елде патшалық құрғалы 137 272 азаматынын айрылған Бразилияда кешегі күні де COVID-19 -дан 377 өлім болған көрінеді.