Парламент • 22 Қыркүйек, 2020

Сенат Төрағасы Қазақстанның Бас мүфтиімен кездесті

13 рет көрсетілді

Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында дінаралық диалогты дамыту және елімізде қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев Қазақстанның ел ішінде және жаһандық деңгейде дінаралық диалог идеясын ілгерілетуге баса мән беріп отырғанын атап өтті. Сенат Төрағасы алдағы уақытта Съезд Хатшылығының жұмысы діни бірлестіктер өкілдерінің сындарлы байланысын нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

Сенат Төрағасы мешіт қызметкерлерінің пандемия кезінде азаматтарымызға қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, сын сағатта қайырымды істер ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға көмек қолын созған Діни басқарманың белсенді жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, тараптар елімізде қоғамдық келісімді 

Соңғы жаңалықтар

Құр аулаймын деп құрықталды

Аймақтар • Бүгін, 22:25

Алматыда жер сілкінді

Қазақстан • Бүгін, 16:48

Еленген ерлік

Аймақтар • Бүгін, 13:22

Ұқсас жаңалықтар